Табысқа жету құпиясы туралы бестселлер – қазақ тілінде
Авторлар кәсіпкерлер мен инвесторлардың табысты болуына көмектесетін 9 қағида әзірлеген
Алматыда Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев пен цифрлық стратегиялар жөніндегі сарапшы Алекс Дангтің «Венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» бестселлерінің қазақ тіліне аударылған нұсқасының ресми таныстырылымы өтті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Іс-шара «Сәби» қайырымдылық қоры және Byb Capital венчурлік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
«Венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» кітабының таныстырылымы венчурлік капитал, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар саласындағы маңызды өкілдерді бір алаңға жинады. Іс-шарада Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі сөз сөйлеп, бұл кітаптың қазақ кәсіпкерлерінің венчурлік ойлау жүйесін дамытуға қосатын үлесінің зор екенін атап өтті.
Осы орайда министр өз сөзінде үш негізгі ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ министр венчурлік инвестициялар нарығын дамыту мақсатында арнайы кеңес құруды ұсынды. Бұл кеңес жыл сайын венчурлік инвесторлар, мемлекет өкілдері, қаржы секторы, стартаптар мен қорлар, сонымен қатар аймақтық елдердің өкілдері қатысатын жиналыс өткізеді. Ол іс-шараны Алматыда өтетін Орталық Азия венчурлік форумының алдындағы маңызды жиынға айналады деп сенеді.
Министр үшінші ұсынысында Астана Хаб инфрақұрылымын техникалық әдебиетті насихаттау мақсатында қолдану туралы ой білдірді.
Кітап туралы:
Профессор Илья Стребулаев венчурлық капитал және бизнестегі табысқа жету үшін шешім қабылдау тәсілдерін зерттеуге 20 жылдан аса уақыт арнады. Ол Amazon және McKinsey сияқты технологиялық алпауыттарда мол тәжірибесі бар Алекс Дангпен бірлесіп, кәсіпкерлер мен инвесторлардың табысты болуына көмектесетін 9 қағиданы әзірледі. Кітап әлемдегі инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін маңызды нұсқаулыққа айналды және жақын арада қазақстандық дүкендер сөрелерінен табылатын болады.