Павлодар облысында 11 мұғалім 3,7 млн теңгеден сыйақы алды
Республика бойынша ең қомақты сыйлықты осы өңір беріп отыр
Павлодар облысында 11 мұғалім төл мерекелерінде 3 млн 692 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлады bai-bol.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Мұғалімдердің «Ұлағат-2024» деп аталған салтанатты шарасында ең білікті 11 ұстазды облыс әкімі Асайын Байханов марапаттады. Бұл ретте республика бойынша ең қомақты сыйлықты Павлодар облысы бергенін ескерген ләзім.
Айта кетейік, мұндай шешім 2020 жылы қабылданған. Содан бері жыл сайын дәстүрге айналған. Үш жылда 86 мұғалім осындай жоғары марапатқа ие болса, биыл олардың саны 11 адамға толықты.
Бұл жолы 3 692 000 теңгеден алған ұстаздар – қала, ауыл мектептерінің мұғалімдері мен колледж оқытушылары.
Мұғалімдерді осы сыйлықпен көтермелеуге арналған қаражат жыл сайын облыстық бюджеттен педагогтің жоғары мәртебесін қолдау стратегиясы шеңберінде бөлінеді.