«Тонап жатыр»: жылдамдықты асырған жүргізушіге 147,6 мың теңге айыппұл салынады
Келесі жылы ережені қайта бұзғандарға салынатын айыппұл 235 920 теңгеге дейін баруы мүмкін
Қазақстанда жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырғандар үшін айыппұл мөлшері 2 есе артады. Енді заң бұзғандар үшін 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төлеу қажет болады. Бұл – 147 680 теңге. Егер бір жылдың ішінде құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін өсіп, 221 520 теңгеге жетеді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Мемлекет басшысы жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға бірдей қол қойды. Олардың бірінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар 2 айдан кейін күшіне енеді.
2025 жылы АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп күтіліп отыр. Сондықтан бұл айыппұл (147 680 теңге) келесі жылы 157 280 теңгеге дейін артады. Бір жылдың ішінде қайталанған құқықбұзушылық үшін айыппұл 60 АЕК-ке (2024 жылы 221 520 теңге, 2025 жылы 235 920 теңге) дейін көтеріледі.
Қазір жылдамдықты асырғандар үшін айыппұлдар мына мөлшерде:
- 10-20 км/сағ асырғаны үшін – 5 АЕК (2024 жылы 18 460 теңге);
- 20-40 км/сағ асырғаны үшін – 10 АЕК (36 920 теңге);
- 40 км/сағ немесе одан көп асырғаны үшін – 20 АЕК (73 840 теңге).
Ал ол қайталанған жағдайда айыппұл 110 мың теңгеге дейін барады.
Осылайша, екі айдан кейін бұл тізімге жылдамдықты 60 км/сағ немесе одан да көп арттырғандар үшін төленетін айыппұл қосылады және өндірілетін айыппұл көлемі 2 есе артады. Алайда жаңа өзгеріспен көлік жүргізушілерінің бірі келіссе, бірі келіспейді.
Сондай-ақ тағы бір азамат айыппұлды көбейту қарапайым халықтың өмір сүру жағдайына сәйкес келмейтінін алға тартып отыр.