«Таныс іздеп не керек?» - ашынған әйел ұлына шетелде қалуға кеңес берді (ВИДЕО)
Қайдағы бір «ағашканың» артынан тиын-тебен жинап жүрсін бе? - дейді
Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде кең тараған бейнежазбада ұлына Франция университетін тәмамдаған соң Отанына оралмауға кеңес берді. Бұл бейнежазба тез тарап, желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.
Өзінің айтуынша, ол ұлына ондай кеңесті «мардымсыз жалақыға, тамыр-таныспен және мамандығы бойынша емес жұмыс істемесін» деген ниетпен берген.
Бұл кеңес желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бір тарап туған жерге адалдық танытып, қайта оралу керек десе, екіншілері адам жақсы өмір сүруі керек екенін айтып, елдегі әлеуметтік жағдай мен тамыр-таныстың арқасында жұмысқа тұруды сынады.