Әмиян

Алматы тұрғындарына 5 млн теңге алатын мүмкіндік бар

Байқаудың жалпы бюджеті – 500 млн теңге

Алматыда әлеуметтік бизнес ашып, 5 млн теңгеге дейін грант алғыңыз келе ме? Ендеше, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған байқауға қатысыңыз!

Өтінім 14-18 қазан аралығында «Электрондық үкімет» порталы арқылы Kezekte.kz жүйесінде қабылданады.

Толығырақ мағлұмат және кеңес алу үшін:

  • Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы: +7 (727-39) 0-20-99, +7 (727) 390-20-69.
  • Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы: +7 (727-33) 1-01-33, 1432 (call-center).
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры: +7 (727-24) 4-55-77, 244-55-66.