Әмиян

Кәсіпкерлер жүк жеткізу барысында қаржысын қалай үнемдей алады? - сарапшы кеңесі

Қалааралық жүк жеткізу үшін ең тиімдісі – Шымкент, Қарағанды және Ақтау

Қазақстандағы жүк тасымалы нарығына жүргізілген жаңа зерттеу шағын және орта бизнестің жүк тасуға өз көлігін пайдалануы мен сыртқы қызметтерді тарту шығындарының арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін көрсетті. Кәсіпкерлер inDrive.Грузовые сервисін қолданса, қаржысын 50%-ға дейін үнемдей алады, деп хабарлады El.kz.

inDrive.Грузовые сарапшылары inDrive қосымшасында жүк тасымалдауға арналған автокөлік табу сервисі, қазақстандық кәсіпкерлердің жүк тасымалына қанша жұмсайтынын талдады. Зерттеу барысында жүк тасуға өз көлігін пайдалану мен сыртқы тасымалдаушылардың, соның ішінде мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетудің құны салыстырылды.

Егер бизнестің өз көлігі бар болса, қала ішінде бір рет жүк жеткізу шамамен 9-10 мың теңге тұрады. Баға несиеге алынған автокөліктің құны, жанармай шығыны және айына 20-30 рейс құнын ескеріп, соған сай бекітіледі.

Ал егер жүк көлігін қосымшаны қолдану арқылы тапқан болса, көлемі тура сондай кузовта жеткізу құны 50%-ға дейін төмендеуі мүмкін (5-6 мың теңге). Егер жеткізілетін тауардың көлемі аз болса, бір рет жеткізу бағасы 2 900 теңгеге дейін түсуі мүмкін.

inDrive.Грузовые сарапшылары мобильді қосымша арқылы жүк көлігін шақыру компанияға өз көлігінің бос тұрып қалуы, оны жөндеу, техникалық қызмет көрсету және басқа да шығын материалдарын үнемдеуге мүмкіндік беретінін еске салды. Тауарды қала ішіне де, Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізуге болады. Сондай-ақ платформа кузовқа жартылай жүк толтыруды ұсынатын опцияны ұсынады. Бұл бүкіл машинаны жалға алғаннан арзан болады. Сондықтан мұндай қызметтерді пайдалану немесе өз автопаркін ұстау таңдауы бизнестің нақты қажеттіліктеріне байланысты.

Сонымен қатар зерттеу Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы жүк жеткізу құнын анықтады. Алынған деректерге сәйкес, жүк жеткізу ең қымбатқа түсетін қала – Алматы: 6,5-тен 15,5 мың теңгеге дейін (кузов көлеміне байланысты). Одан кейін Астана (5,5-тен 13 мың теңге) және Шымкент (5-тен 12,5 мың) тұр.

Ал жүк жеткізу ең арзан қала – Семей (орта есеппен 4-тен 10 мың теңге), одан кейін Ақтөбе (4,5-тен 12 мың) және Өскемен (5-тен 11,5 мың теңге).

Қалааралық жүк жеткізу үшін ең тиімдісі – Шымкент, Қарағанды және Ақтау. Бұл қалалар арасындағы ішінара жүк жеткізу құны (яғни, көлемі шағын жүкті жіберіп, тек кузовтың бір бөлігіне ғана төлегенде) 12-19 мың теңге аралығында болады. Ол қаладан шығу нүктесіне байланысты.