Бұқара

Жезқазғанда да жалпыұлттық референдум өтетін күні автобустар тегін жүреді

Инватакси де мұқтаж жандарды тегін тасымалдайды

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Жезқазған қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады. 

Автобустар таңғы сағат 7:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жүреді. Ал 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, референдумда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруін қамтамасыз ету үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады. Қала бойынша 3 инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарды референдум учаскесіне дейін тегін тасымалдайды. Тек алдын ала тапсырыс беру қажет. 

Қосымша ақпарат үшін:
8 708 707 87 07 (Мөлдір Мақсұт)