Депутат тойдағы аста-төк ысырапшылдықты қою керектігін айтты
Пандемия кезінде де мейрамхананың артқы есігінен тығылып кіріп, той жасадық
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «Хабар» арнасының «Талқы» бағдарламасында халықты тойды ысырапсыз жасауға шақырды.
Депутаттың пікірінше, халықтың пандемиядан сабақ алуы керек еді. Алайда сол індет өршіп тұрған кезде де мейрамхананың артқы есігінен тығылып кіріп, 50-80 адамға той жасағандардың болғаны мәлім.
Ал дарақылықты дархандық деп ойлайтын жұртқа бәрібір. Ертедегі Абай айтқан «бекер мал шашпақтық» қазір өршімесе, саябырламаған.