Билік

Халықтың қарыз жүктемесін азайтамыз – президент

Мемлекет «Адал еңбек – адал табыс» қағидасына сүйенеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында мемлекеттің халыққа «Адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Осы орайда ол Үкімет тарапынан айрықша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерге де тоқталды.

Олар:

  • жастарға, әйелдерге, кәсіпкерлерге, зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету;
  • халықтың қарыз жүктемесін азайту;
  • ауыл тұрғындарының кірісін арттыру;
  • пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару;
  • экологиялық, қаржылық сауаттылықты жетілдіру;
  • қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкіметке «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» сияқты жобалардың ауқымын кеңейтуге тапсырма берілген болатын.