Билік

DAMUMED Астанада монополиялық жоғары бағаларды белгілеумен айналысқан

Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1) тармақшасы бұзылып отыр

Астана қаласы бойынша БҚДА департаменті «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қарасты DAMUMED кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімді ету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бойынша тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеу қорытындысы бойынша, 2020-2022 жылдары жоғарыда көрсетілген қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталды.

DAMUMED қызметтердің түпкілікті құнында негізгі өндірістік қызметпен тікелей байланысты емес шығындарды негізсіз есепке алған. Аталған мән-жайлар Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1) тармақшасының бұзылуына әкеп соқты.

Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 23 ақпандағы шешімімен және қалалық әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 маусымдағы қаулысымен монополияға қарсы тергеу қорытындылары заңды деп танылды.

Еске сала кетсек, DAMUMED – дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізетін ақпараттық жүйе.