Елордалық әйел «емге» деп жинаған 1,7 млрд теңгені оңды-солды жұмсаған
Өзі 2014 жылдан бері, ал күйеуі 2021 жылдан бері жұмыссыз
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі Әлібек Әбділов өзінің «ауру» баласына емге деп халықтан ақша жинаған астаналық әйел туралы айтты.
Ол әйел елден көмек сұрау арқылы 4 жылда 1,7 млрд теңге жинап, өзіне 2021 жылы шыққан Toyota маркалы, күйеуіне 2021 жылы шыққан Lexus маркалы автокөлігін, сондай-ақ Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.
Әлібек Әбділовтің айтуынша, Астана қаласының тұрғыны жұрттан Instagram-дағы парақшасы арқылы «2019 жылғы ұлымды емдеймін» деп ақша жинаған.
Тіпті, ол Instagram-дағы парақшасын дамытуға күніне 150 мың теңгеден, жалпы 333 млн теңге жұмсаған.
Жиналған 127 млн теңгесі қолма-қол ақша ретінде банктен шешілген. Ал тауарлар мен қызметтер үшін 101,5 млн теңге алынған.
Белгілі болғандай, әйелдің өзі 2014 жылдан бері, ал күйеуі 2021 жылдан бері ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты.