Бұқара

Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 миллион теңгеге сатпақ болған

Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде өзінің ағзасын 9 миллион теңгеге сатпақ болған азамат ұсталды. Оның ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін облыстық прокуратура мәлім етті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігімен («Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.