Бұқара

Жезқазғанда жалақылары мардымсыз жұмысшылар ереуілге шықты

Олар несие ала алмай және дәрігерге бара алмай қалған

Жезқазғанда «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілдің видеосы әлеуметтік желілерге жарияланды.

Кәсіпорын ғимаратының алдындағы жұмысшылардың ереуілі екінші күнге созылды. Жұмысшылардың айтуынша, оларға екі айдан аса уақыт бойы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары төленбеген. Бұл жұмысшыларға несие алу және дәрігерге бару сияқты жағдайларда қиындық туындатып отыр.

Олармен кездесуге Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың өзі де барған. Алайда бір шешімге келу мүмкін болмаған.