«Ертеңгі күнімді ойламайтын адаммын». Мәдина Сәдуақасова қаржы жинап көрмеген
Әншіліктен басқа қосымша табыс жоқ, - дейді ол
Әнші Мәдина Сәдуақасова Halyk Life подкастында қаржылық сауаттылыққа қатысты жеке ойымен бөлісіп, өзінің ертеңін ойламайтын адам екенін айтты.
Сонымен қатар ол ұлының болашағына да ақша аямайтынын жасырмады. Ұлы Әнуар бүгінде ең қымбат мектептен білім алып жатқан көрінеді.