Сөре

Астанада баға белгілеріне байланысты 14 кәсіпкер жазаланды

Кей тауардың бағасы жапсырмада көрсетілген бағадан асып кетеді

Елордалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Нұрғали Егембердиев заң бұзған кәсіпкерлерге қолданылатын шаралар туралы айтты.

Алдымен ол былтыр әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске (ӘҚБтК) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салды. Соған сәйкес, басқарма осындай істер бойынша іс жүргізуге уәкілетті.

Оның айтуынша, айыппұл мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 6 АЕК (2024 жылы 22 152 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 АЕК (2024 жылы 36 920 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) болады. Айыппұлдың жалпы сомасы 343 400 теңге болған.

Айыппұл салынғаннан кейін заң бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 65 АЕК (2024 жылы 239 980 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 120 АЕК (2024 жылы 443 040 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) болады.