Әмиян

Елімізде несие алушылар азайды

Жеке азаматтардың берешегі 22 трлн 300 млрд теңгеден асады

Елімізде несие алушылардың саны азайған, деп хабарлады «Қазақстан» телеарнасы.

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге 3,5 миллионнан аса несие рәсімдеген. Бұл – шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, 10 пайыз төмен. Тіпті, былтырғы сәуір айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.