Табыс

Үкімет сауда нысандарын жаңғыртуға 4 млрд теңге бөлді

Электронды сауда белсенді дамып келе жатыр

Биыл ішкі сауда субъектілері үшін несиелерді арзандатуға, соның ішінде сауда нысандарын салу мен жаңғыртуға 4 млрд теңге бөлінді. Оның орнына ішкі сауда субъектілері отандық өнім шығаруды ынталандыруға міндетті. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Айжан Бижанова сауда нысандарын салу және жаңғырту үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қамтитын ішкі сауда субъектілерін жаңа мемлекеттік қолдау туралы баяндады. Түпкілікті қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 8,5-9%-ды қамтиды. Сондай-ақ жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету үшін несиелерге кепілдік берілетін болады.

Одан бөлек, вице-министр экспорт пен импорт арасындағы сауда теңгерімінің жақсарғанын атап өтті. Оның ішінде шикізаттық емес экспорттың өсуі мен импорттың төмендеуі бар. 2024 жылы экспортталатын өнім желісінің саны кеңейді. Сондай-ақ электронды сауда белсенді дамып келе жатыр.

Сауда министрлігі нарықтардың заманауи инфрақұрылымын қалыптастыра отырып, ішкі сауданы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп отыр. 2025 жылға қарай Қазақстанның барлық базары жаңғыртылуға тиіс. Белгіленген мерзімде аяқталмаған объектілер жабылып, жалға алушылар басқа базарлар мен сауда объектілері арасында бөлінетін болады. Сауда объектілерін цифрландыруға және мемлекеттік қолдау тетіктерін тартуға ерекше көңіл бөлінеді.