Табыс

Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы 140 млн долларға жуықтаған

Импорттың көбі іргедегі Қытай мен Ресейден келеді

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды қамтыған. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, номиналды мәнде 3,2% артық.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтырғы экспорт – 78,6 млрд доллар (7% аз), ал импорт – 61,1 млрд доллар (20,1% көп).

Бұл ретте бізбен экспорт бойынша негізгі серіктес елдер – Италия (18,9%), Қытай (18,7%), Ресей (12,4%), Нидерланд (5,2%), Түркия (5%), Корея Республикасы (4,8%).

Ал импорт бойынша:

  • Қытай – 27,4%;
  • Ресей – 26,5%;
  • Германия – 5,2%;
  • АҚШ – 4,2%;
  • Корея Республикасы – 3,6%
  • Түркия – 3,3%.