Астанада супермаркеттегі тауарды бүлдірген адамға айыппұл салынды
Ол сотта өз кінәсін мойындамады
Астанада ер адам супермаркеттердің бірінде жанжал шығарып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында тұтынушы өзінің супермаркет сөрелеріндегі «мерзімі өткен» печеньелерді себетке лақтырып, жұдырығымен мыжғылағанын, яғни тауарды бүлдіргенін түсіндірді.
Нәтижесінде елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 АЕК – 73 840 теңге айыппұл салынды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.