Бұқара

Хиджабтағы әйел қалыңмалды 10 млн теңгеге көтеруді ұсынды (ВИДЕО)

1-1,5 млн беріп құтыла салады. Мен оған өте қарсымын, - дейді ол

ТікТок-тың Гүлжан есімді қолданушысы қазақ қыздарының қалыңмалын 10 млн теңгеге көтеру керек деп отыр. Айтуынша, қазір қаракөздеріміздің құны Toyota Camry көлігінен де түсіп кеткен.

Оның пікірінше, қалыңмалдың аз болуы ажырасудың белең алуына себепші көрінеді.

Алайда бұл пікір желі қолданушыларының көбіне жақпай қалды. Олар отбасылық бақыт ешбір ақшамен өлшенбейтінін алға тартты.