Сөре

Қарақұмық, ірімшік және көкөніс бағасы арзандады

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде де, жылдық мәнде де өзгеріссіз қалды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бір аптаның ішінде қарақұмық, ірімшік және көкөніс бағасы арзандаған.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Күріш – 478 тг/кг;
  • Айран 2,5% – 428 тг/л;
  • Құмшекер – 411 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және Астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.