Сөре

Коронавирус базардағы теңіз өнімдерінен тарады – шетелдік ғалымдар

Тіпті, онда тірі жануарлар тұрақты түрде сатылған

АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің ғалымдары коронавирустың таралу көзі Қытайдың Ухань қаласының базарындағы теңіз өнімдері екенін дәлелдеді. Бұл туралы америкалық Cell ғылыми журналындағы мақалада жазылған.

2019 жылдың күзінде Ухань қаласының Хуанань базарында бірнеше сатушының тірі жануарларды заңсыз сатқаны анықталған. Тіпті, онда тірі жануарлар тұрақты түрде сатылған. Жанат, бамбук егеуқұйрықтары, кірпілер, амур кірпілері мен азиялық борсықтар базардың батыс жағында орналасқан. Ал сол жақ бөлігінде COVID-19 инфекциясының ең алғашқы және ең көп саны тіркелген.

Ғалымдар вирустың таралуының екі гипотетикалық нұсқасын сипаттайды. Ол жануарлардан (нақты қандай түр екенін анықтау мүмкін болмады) адамдарға жұққан немесе, керісінше, адамдар оны базарға әкелген. Сонымен қатар жарқанаттардың генетикалық материалы табылмады.

Ал бұған дейін Қытай билігі коронавирустың зертханада пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығарып, шетелдік ғалымдардан елдің беделін түсіруді және мәселені саясиландыруды тоқтатуды талап еткен болатын.