«Зейнетақы да, жалақы да аламын»: министр Нысанбаев 63 жасқа толды
Зейнетақысы – шамамен 160 мың теңге
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жалақы да, зейнетақы да алатынын айтты.
Министр биыл 63 жасқа толғанын атап өтті. Зейнетақысы – шамамен 160 мың теңге.
Сондай-ақ зейнеткер министр ересектердің де жұмыс істеуге хақысы барын ескеру керектігін айтты.
Айта кетсек, Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.