Әмиян

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан берілетін төлемге салық төлемейтін болды

Жаңа ережеге сәйкес, ескі көліктерге салынатын салық та төмендейді

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге салынатын жеке табыс салығы алынып тасталды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. 

Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес, Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі:

  • 10 жылдан жоғары – 30%-ға;
  • 20 жылдан жоғары – 50%-ға.