Әмиян

СҚО-да жұрттың жалақысынан әлеуметтік төлемдер негізсіз ұсталған

Орталықтың 28 қызметкерінің құқығы қорғалды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалу фактісін анықтады.

Айыртау ауданы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды адамдары Еңбек кодексінің 115-бабы талаптарына қайшы әрекет ете отырып, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемақыларды өтеу есебінен жалақыдан 1,3 млн теңге ұстаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде орталықтың 28 қызметкерінің құқығы қорғалды.