Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайды
Елдегі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды
Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов Моңғолия Ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесу барысында ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттау мәселесі қарастырылды.
Сондай-ақ тараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.