Қырыққабаттан бастап әлеуметтік маңызы бар өнімдер арзандап келеді
Өңір әкімдеріне бір аптада бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету тапсырылды
Биыл жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулаған.
Соңғы бір аптада қырыққабат бірден 10,4% арзандады. Оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылып, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.
Сондай-ақ күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасының (-1,4%) бағасы біртіндеп төмендеп келеді.
Серік Жұманғарин өңір әкімдеріне алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.