Сөре

Олигархтардан тәркіленген бағалы бұйымдарды кез келген адам сатып ала алады

Жалпы саны 196 зергерлік бұйым бар

Қазақстандықтар олигархтардан тәркіленген бағалы әшекей бұйымдарды сатып ала алады. Тек сол заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару аясында тәркіленген қымбат сақиналар, алқалар мен сағаттарды сату алу үшін аукционға қатысу қажет. 

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаш компанияда тәркіленген жүзік, алқа, сағат және басқа да зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, жалпы саны 196 зергерлік бұйым бар екенін айтты.

Аукционға e-qazyna.kz сайтына тіркелген кез келген жеке немесе заңды тұлға қатыса алады.