Әмиян

Биыл елдегі жұмысшылар 3,6 млрд теңге жалақысын ала алмаған

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 319 тексеру жүргізген

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 259 кәсіпорынның 16 мың жұмысшыға 3,6 млрд теңгеден аса жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен бірге, түрлі ұйымда жүргізілген тексеріс барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталған.

Қазір еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында тұр.

1 қыркүйектегі дерек бойынша, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 319 тексеру жүргізген. Оның барысында 6 890 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде: еңбек саласында – 5 095, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 730, халықты жұмыспен қамту бойынша – 65. Жұмыс берушілерге 2 597 ұйғарым беріліп, 330,1 млн теңге сомасына 3 030 әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 26 мың жұмысшының еңбек құқығы қорғалған.