Қазына

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билет құны айтылды

Оқушы, зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік бар

ОКҚ-да өткен брифингте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев жарысты қалай көруге болатынын айтты.

Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 89 мемлекет қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 261 спортшы өнер көрсетеді.

Ойындардың жалпы жүлде қоры – 250 миллион теңге.