Бөлек тұратын әйел қайтыс болған күйеуінің жалақысы мен өтемақысын иелене ала ма?
Қызметкердің қайтыс болуы еңбек шартын бұзуға негіз болады
Ер адам қайтыс болған кезде оның бөлек тұратын зайыбы күйеуіне тиесілі жалақы мен пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы ала ала ма? Бұл сұраққа Әділет министрлігі жауап берді.
Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкердің қайтыс болуы еңбек шартын бұзуға негіз болады. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын немесе оның күндерін пайдаланбаған қызметкер үшін өтемақы төленеді.
ҚР Азаматтық кодексінде мұра ретінде мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сонымен қатар өмір сүруі оның қайтыс болуымен тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіретіні белгіленген.