Билік

Бізге ауыл тұрғындарына қамқорлық жасамайтын жер иелерінің қажеті жоқ - Тоқаев

Мемлекет елді мекен жұртына «тауар несиесін» беруді қарастырмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында кейбір жер иеленушілердің телім орналасқан елді мекенге қамқорлық жасамайтынын сынады.

Бұдан бөлек, ол былтыр басталған «Ауыл аманаты» жобасының нәтижесін жақсы бағалады.