Билік

Сөзбұйдаға салған кәсіпкерлермен әңгіме басқаша болады - Жолдау

Олар әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еркімен жасауы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атымтайжомарт кәсіпкерлердің алтын тізімі туралы айтты.

Бұл ретте ол кәсіпкерлердің осы елдің азаматы ретінде мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті екенін айтты.