«Көп тұтынсаң, көп төлейсің». Президент жеке монополистердің шырмауында екенімізді біледі
Тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды
Тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында қалмауға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Президенттің айтуынша, мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды.