Билік

Кейбір әкім, министрлер инвестор тартуға онша құлықты емес

Елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Үкімет жанындағы Инвестиция штабына неге ауқымды құзырет берілгенін атап өтті.

Президент мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу керектігін де еске салды.