Билік

Көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар... - президент

Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады, - деді ол

Көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Ол депутаттарға табанды еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайтынын да еске салып қойды. Өйткелі алда әлі де атқаратын шаруа көп.