Бұқара

81 жастағы миллионер 26 жастағы қызға үйленді

Біздің қарым-қатынасымыз ақшаға тәуелді емес, – дейді Эш

Германияда миллионер Хорст-Дитер Эш Ресей Федерациясының 26 жастағы азаматы Алинаға үйленген. Ерлі-зайыптының шаңырағында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

BILD-тің жазуынша, Эш 70-жылдары ГФР-дегі құрылыс машиналары саласында табысты бизнес құрған. 80-жылдары ол АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йоркте модельдік агенттігін ашқан.

Эш қазір Мексикада тұрады. Элиталық жылжымайтын мүлік сатумен айналысып отыр.

Кәсіпкер Алина есімді арумен некеге тұрды. Мамыр айында Хорст-Дитер мен Алинаның қызы Марселина дүниеге келген.

Қазір ерлі-зайыптылар Еуропадан үй сатып алғысы келетіндерін айтқан.