Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге өсті
Үкімет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге дейін өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шілде айында 51 730 теңгеден тамыз айында 55 731 теңгеге дейін артқан.
Жыныстық бөліністе ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 65 250 теңгені, ал әйелдерде 51 768 теңгені қамтыды. Сондай-ақ зейнеткерлердің күнкөріс деңгейі шілдеде 48 389 теңгеден тамызда 51 227 теңгеге дейін өскен.
Айта кетейік, Үкімет 2025 жылдан бастап республикалық бюджет арқылы зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады және 2025 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 47 700 теңгені қамтиды. Ал 2027 жылға қарай 55 145 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған.