Өзіміздің өнім

Қостанай облысында ірімшіктің 20 түрін өндіретін зауыт іске қосылады

Қуаттылығы жылына 2 мың тонна ірімшік өңдеуге мүмкіндік береді

Президент Үкімет алдына 3 жыл ішінде АӨК-тегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешеннің шикізаттық бағытынан инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысында 2024 жылдың қараша айында «Милх» ірімшік өндіру зауыты пайдалануға беріледі.

Өндіріс қуаттылығы жылына 2 мың тонна ірімшік өңдеуге мүмкіндік береді. 35 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазір нысанда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Цехтың металл қаңқасы орнатылды. Ғимараттың еденіне тұтастырғыш (стяжка) жасалды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда неміс өндірісінің көптеген жабдығы әкелінген.