2025 жылы 1 АЕК-тің қанша теңге болатыны көрсетілді
Жалақының ең төменгі мөлшерi 85 мың теңге болып қалады
Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қоғамдық талқыға ұсынды.
Сонда белгілі болғандай, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап:
- Жалақының ең төменгі мөлшерi – 85 мың теңге;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
- Зейнетақының ең төменгі мөлшерi – 62 771 теңге;
- Айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңге;
- Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге болады.
Сонымен қатар жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражаттың мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% көтеру ұсынылып отыр.