Әмиян

Банкке қарызы бар қазақстандықтар шетелге шыға алатын болды

Қарыз 12 айдан аса төленбесе, оны өтеу талап етілмейді

Қазақстанда борышкерлерге белгілі бір жағдайларда шетелге шығуға рұқсат беріледі. Жаңа норманы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді.

Еске сала кетсек, биыл 19 маусымда «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. 

Өзгерістер банкроттық рәсіміне жүгінгенге дейін берешекті реттеу міндеттемесіне де әсер етті. Енді қарыз 12 айдан аса төленбесе, оны өтеу талап етілмейді.

Бұл түзетулер 2024 жылдың 20 тамызынан бастап күшіне енді.