Билік

Банк қызметкері тұтынушыларының атынан 60 млн теңге несие рәсімдеп алған

Халыққа 7 млрд теңгедей шығын келтіргендер Ресейден экстрадицияланды

Бас прокуратура аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдіктіні Ресейден экстрадициялады.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2019-2022 жылдар аралығында Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері болып жұмыс істеген. Сол кезде банк тұтынушыларының атынан өзіне несие рәсімдеген.

Күдікті биыл сәуір айында Краснодар өлкесінің аумағынан ұсталған. Содан Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланып отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Қылмыс үшін күдіктінің мүлкі тәркіленді. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы, биыл Қазақстанға Ресейден 11 алаяқ экстрадицияланған. Олар 350-ден аса жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.