Елімізде биыл банк карталарымен 84,9 трлн теңге төлем жасалған
Ал қолма-қол ақшаны пайдалану айтарлықтай төмендеген
Қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы іске асырған операцияларының үлесі 90%-ға жетті.
Күн сайын осы әдіспен 359,9 миллиард теңгеден (751,2 миллион доллар) аса сомаға 26,3 миллионнан аса операция жүргізіледі екен.
Ұлттық банктің хабарлауынша, қазақстандықтардың көбі төлем картасын ұнатады. Ал қолма-қол ақшаны пайдалану айтарлықтай төмендеген.
Ұлттық реттеушінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктер шығарған төлем карталары арқылы 84,9 триллион теңгеге (177,2 миллиард доллар) 6,1 миллиард операция жасалған.
Қолма-қол ақшасыз операциялардың саны мен көлемі сәйкесінше 13,6% және 16% өсіп, жалпы көлемі 72,8 трлн теңгені (151,9 млрд доллар) қамтыды.
Сондай-ақ төлем картасын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны мен көлемі де сәйкесінше 3,6% және 12,8% өсіп отыр. Жалпы көлемі 12 триллион теңгені (25 миллиард доллар) қамтиды.
QR коды арқылы төлем жасау да танымал бола бастады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,3 триллион теңгеге (15,2 миллиард доллар) 1,5 миллиард операция жасалған. Бұл – 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 3,2 есе артық.