Әмиян

Биыл зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын 66,5 млрд теңге алынған

БЖЗҚ активтері оң динамика көрсетіп жатыр

Биыл қазақстандықтар зейнетақы қорынан 66,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын алған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл қаңтар-ақпанда Ұлттық қордың активтері 0,3% өсіп, 60,2 млрд доллар болған.

Жыл басынан бері қорға түскен жалпы түсім – 912 млрд теңге, оның ішінде ұлттық валютада 184 млрд теңге болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі – 1 трлн теңге.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов қазір БЖЗҚ активтерінің оң динамика көрсетіп жатқанын атап өтті.