Өзіміздің өнім

Астанада көмірді 14 орыннан сатып алуға болады

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді

Астанада 11 қойма, онда қала тұрғындары үшін көмір сататын 14 орын бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеп-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл орындарда 9 сатушы компания қызмет етеді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Олар мына мекенжайларда орналасқан:

  • Герцен көшесі, 4/1;
  • Герцен, 6/2;
  • Көктал, 28/1;
  • Мақат, 40;
  • Жамбыл Жабайұлы, 76;
  • Ахмет Жұбанов, 35;
  • Дулатов, 182/1;
  • 85 (ЖЭО ауданы-3);
  • 70-өткел;
  • 9А көшесі;
  • Герцен, 6б;
  • Қарағанды тасжолы («Магнум» супермаркетінің артқы жағы).

Қазір Астанада көмірдің орташа бағасы төмендегідей:

  • Шұбаркөл – тоннасына 16 400 тг;
  • Қаражыра – тоннасына 17 400 тг;
  • Майкөбе – тоннасына 13 500 тг.

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің сату орындарында болуы, бағасы туралы қажетті ақпарат беріледі.