Ұшақтан домбыраға да қосымша орын алмаса болмайды
Бұл – стандартты әлемдік тәжірибе
Air Astana әуе компаниясының вице-президенті Александр Небога ұшақ ішіндегі қол жүгі жәшіктеріне кейбір заттарды салу мүмкін емес екенін ескертті.
Айта кетсек, елордада әуе көлігі тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында тілшілер әуе компанияларының басшыларынан «Жолаушылар өзімен бірге алып жүрген домбыраға қосымша ақы төлеу керек пе?» деп сұраған болатын.
Оның түсіндіруінше, тек домбыра немесе басқа да музыкалық аспаптар ғана емес, кез келген қол жүгінің көлемі ұшақтағы жәшіктерге сыймай тұрса, оған қосымша орын алу шарт.