Ел тұрғындары биыл 274 млрд теңгеден аса жәрдемақы алды
Қазір көмек алушы көпбалалы отбасылардың саны артып келеді
Елімізде жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден аса жәрдемақы алды. Мемлекеттік көмек 583 400 отбасыға берілген.
Бұл жәрдемақыны табысына қарамастан 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар ала алады. Төлем мөлшері бала санына қарай беріледі.
Төрт баласы бар отбасыларға 59 183 теңге тағайындалған. Ал 5 балалылар 73 988 теңге алады. Алты балаға – 88 793 теңге болса, 7 балаға – 103 598 теңге. Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 14 768 теңге төленеді.
Мамандардың айтуынша, қазір көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алушылардың саны артып келеді.
Биыл жәрдемақы алушылармен қатар, оларға берілетін мемлекеттік көмектің де мөлшері 7 пайыз артты. Оған мемлекет тарапынан 474,8 млрд теңге қарастырылған.