«Жолдасым такси жүргізеді»: ақтөбелік келіншек 6 айлық баласымен тоқаш сатып жүр
Ол биыл кәсіп бастауға 1,4 млн теңге қайтарымсыз грант алған
Ақтөбеде 4 баланың 33 жастағы анасы Гүлбану Нұрдәулетова мемлекеттен грант алып, кәсіп бастаған. Ол арбадағы баласын сүйреп, өзі пісірген тәттілерді сатады.
Бүгін Ақтөбеде мемлекеттік грант ұтып, өз кәсібін бастаған жас кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтті. Солардың ішінде арбадағы баласымен жәрмеңкеге шыққан Гүлбану Нұрдәулетова да бар.
Ол биыл кәсіп бастауға арналған 1,4 млн теңге қайтарымсыз грант алған. Сол ақшаға мұздатқыш, салқындатқыш, пеш, ас үй машинасын, пісіруге арналған түрлі аспап сатып алғанын айтады. Қазір бауырдан торт, кәуап, самса, тәтті тоқаштар, манты, тауық орамасын әзірлеп жүр.
Ақтөбе облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілінің айтуынша, Ақтөбе облысында 50 кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып, қолдауға ие болған. Сонымен қатар жәрмеңкеге өңірдегі 60 жұмыс беруші 300-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.
Ардақ ЕРУБАЕВА,
KAZ.NUR.KZ