Әмиян

Зейнетақы жинағын тіс емдетуге пайдалана беруге болады

Емдеуге дейін және одан кейін рентген-суреттерді ұсыну шарт

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев бүгін ОКҚ-да өткен брифинте зейнетақы жинағы есебінен тіс емі қызметінің ақысын төлеудің жаңа тетігі әзірленгенін айтты.

Ол ведомствоның бұл норманың күшін жоймағанын баса атап өтті.

Ол стоматологиялық клиникаға да, оның қызметіне жүгінген пациенттерге де қосымша міндеттер сипатында ауыртпалық түсірмейтінін атап өтті. Айтуынша, барлығы медициналық ақпараттық жүйеге сүйене отырып, автоматтандырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі мынадай бірнеше кезеңнен тұрады:

  • тексеру және емдеу жоспарын ұсыну;
  • стоматологиялық клиника мен уәкілетті оператор-банк арасында шарт жасасу;
  • қызметтерді жүргізу;
  • электронды денсаулық паспортына деректерді енгізу.