Өзіміздің өнім

Челлендж: Нұрлан Қоянбаев бірден 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)

Ол жұртты осындай еңбекқор жандарды қолдауға шақырды

Актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан қаласына жақын жол жиегінде қауын-қарбыз сатып тұрған келіншектің жанына тоқтады. Ол өз жағдайы және сауда қарқынын сұрап, сатушымен бірнеше минут әңгімелесті.

Содан кейін ол келіншектің жеке карточка нөміріне 200 мың теңге аударып жіберді. Бұдан бөлек, арнайы видео түсіріп, жұртты осындай еңбекқор жандарды қолдауға шақырды.